Алматыда өлтірілген ер адамның артында екі баласы қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өлтірілген ер адамның артында екі баласы қалды © Vladitime.ru

Алматы қаласында Абылай хан көшесіндегі Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында "Күзет" қызметінің қызметкері қаза тапты. Ер адамға қылмыскерлер бес рет оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаза тапқан Аян Ғалиевтің келінінің айтуынша, қарулы қылмыскер Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратына кіріп келіп, атыс шығарған. Аян Ғалиев бір мәрте оқ атып үлгерген. Ол бес оқ жарақатын алған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапты. Қазіргі уақытта ауруханада оның туыстары жүр.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Аян Ғалиев құқық қорғау органдарында 20 жыл жұмыс істеген. Ол зейнетке үш жылдан кейін шығуы керек болған. Артында екі баласы қалыпты, бірі жеті айлық.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ауруханаға қаруланған күзет қойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети