Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ пайда болады @Kolesa.kz

Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ пайда болады, - деп хабарлайды Колеса. Жолақты қоғамдық көліктер маусым айынан бастап пайдалана алады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ пайда болады, - деп хабарлайды Колеса. Жолақты қоғамдық көліктер маусым айынан бастап пайдалана алады.

Алматы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Талғат Әбдірахмановтың айтуынша, жолақ Абай даңғылы бойымен Достық пен Момышұлы көшелерінің арасында екі жақ бағытта болады. Жеке автомобильдерге бұл жолақпен жүруге тиым салынады, арнайы машиналар ғана дабыл жүйесін қосып жүре алады.

"Жол полициясымен бірге біз Абай көшесі бойындағы қозғалысты ұйымдастырдық. Бізге маусым айының ортасына дейін уақыт берілді, оған дейін біз жұмыс істейміз. Ал 15 маусымнан бастап жол қозғалысы жаңа режимде жұмыс істейтін болады", - деді Әбдірахманов.

Сонымен қатар, ол дүкендер, банктер мен басқа да ғимараттардың маңынан көлік тұрағын салуға уәде берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети