Алматыда ҚР Ұлттық ұланының үздік жауынгерлері анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ҚР Ұлттық ұланының үздік жауынгерлері анықталады © ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы

Алматыда 3-4 желтоқсан күндері 5571 әскери бөлімі базасында ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында байқау өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 3-4 желтоқсан күндері 5571 әскери бөлімі базасында ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында байқау өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдастырылып отырған байқаудың екінші кезеңінде жауынгерлер "Үздік батальон командирі", "Үздік батальон командирінің орынбасары", "Үздік батальонның штаб бастығы" номинациялары бойынша бақ сынайды. "Бұл шара Ұлттық ұлан офицерлерінің әскери-жауынгерлік даярлығын көтеру, сонымен қатар, батальон буынындағы сардарлардың кәсіби біліктіліктерін жоғарылату, тәжірибелік білімдерін арттыру, оларды қызметтік тапсырмаларды орындауға жігерлендіру мақсатында ұйымдастырылып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген жауынгерлер мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, ҚР ҚК басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының Жалпы әскери жарғысын білуден бақ сынасады. Сонымен қатар, сайысқа қатысушылар дене дайындығы яғни, 100 метрге жүгіру, белтемірде тартылу, 3 мың метр қашықтыққа жүгіру сияқты нормативтерден сынақ тапсырады. Бағдарлама талабына сәйкес, Макаров тапаншасынан ату жарысы сайыстың негізгі талбы болып отыр.

Айта кетейік, шара жеңімпаздары Астана қаласында өтетін ақтық сайысқа жолдама алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети