Алматыда Сталиннің ескерткіші пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Сталиннің ескерткіші пайда болды Tengrinews.kz оқырманы жолдаған сурет

Алматылықтар көшелердің бірінен Иосиф Сталиннің ескерткішін суретке түсіріп алды. Ескерткіш Гете көшесінің бойында, "Колоесс" Мәдениет үйінің маңына қойылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар көшелердің бірінен Иосиф Сталиннің ескерткішін суретке түсіріп алды. Ескерткіш Гете көшесінің бойында, "Колоесс" Мәдениет үйінің маңына қойылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ескерткіш түнгі уақытта қойылған. 5 желтоқсанда ескерткіш болмаған. 


Tengrinews.kz оқырманы жолдаған сурет

"Ескерткішті бүгін түнде қойды, кеше болмаған. Тастан жасалған немесе плита жабылған, қоршауы бар. Сипаттамасы жоқ, Сыртқы келбетінен оның Иосиф Виссарионович Сталин екенін көруге болады", - деп жазды Вячеслав есімді жергілікті тұрғын. 

Ер адам өткен-кеткен жұрттың ескерткішті суретке түсіріп, таңғалып жатқанын айтып отыр.


Tengrinews.kz оқырманы жолдаған сурет

Алматы қалалық Түрксіб аудандық әкімдігінің өкілдері ескерткіштің уақытша орнатылғанын және оның фильмнің декорациясы екенін хабарлады.

"Эвакуация" фильмі, "Қазақфильм" түсіріп жатыр, режиссері Фархад Шарипов. 1941 жылы Алма-Атаға эвакуацияланғандар жайлы. Ескерткіш пенопласттан жасалған, 7 желтоқсанда сағат 12.00-де алып тасталады", - деді әкімдіктегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети