Алматыда тағы бір балалар ауруханасының жағдайы жұрттың жағасын ұстатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бір балалар ауруханасының жағдайы жұрттың жағасын ұстатты © youtube.com

Алматыда тағы бір ауруханадан дау шықты. "Алматы" телеарнасының сайтында Наурызбай ауданындағы Ақсай республикалық балаларға арналған клиникалық ауруханасы түсірілген видео пайда болды. Баласын емдетіп жатқан ата-аналардың бірі аурухананың ішін видеоға түсіріп алыпты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бір ауруханадан дау шықты. "Алматы" телеарнасының сайтында Наурызбай ауданындағы Ақсай республикалық балаларға арналған клиникалық ауруханасы түсірілген видео пайда болды. Баласын емдетіп жатқан ата-аналардың бірі аурухананың ішін видеоға түсіріп алыпты.

Видеода бір әйел балалардың емделіп жатқан бөлмелерін көрсетеді. Оның іші медициналық мекеме емес, қаңырап қалған ғимарат секілді.

Балалардың ата-анасының айтуынша, бұл іске олар таяуда қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің жұмыстан кетуінен кейін барған. Олар қала әкімшілігінің бұл жағдайды ретке келтіретініне сенімді.  

Өз кезегінде республикалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Асель Сейітқазы ғимаратта жөндеу жұмыстары үнемі жүреді, алайда өткен жылы ғана жөндеу жұмыстары өтпеген. Оның айтуынша, медициналық мекемеде жұмыстар енді басталады.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының лас бокстарының, емдеу бөлмелерінің және дәретханаларының суреттері жария болған еді. Оларды ем қабылдап жатқан баланың шешесі жария еткен. Бұдан кейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек медициналық мекемеге барып, жағдайымен танысты. Кейін аурухана персоналының қала басшысының келуіне жылдам дайындалғаны - мекемеде шұғыл арада жөндеу жұмыстарының жүргені хабарланды. Бұған қарамастан Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен бас дәрігер Ержан Әліби жұмыстан шығарылды. Онымен бірге, бірқатар жұмысшы да жұмыстан босатылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети