Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды © Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімін әскери-үрлемелі оркестр музыкамен сүйемелдеді.

Қала басшылығы, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, қала тұрғындары Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети