Алматыда тегін автобустар 2015 жылдың көктемінде пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тегін автобустар 2015 жылдың көктемінде пайда болады ©Tengrinews.kz

2015 жылдың көктемінде Алматыда тегін автобустар пайда болады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоба авторы Жәнібек Құттыбек айтып берді. Қоғамдық көлік мегаполистің үш негізгі көшесінде жүреді деп жоспарланған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015 жылдың көктемінде Алматыда тегін автобустар пайда болады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоба авторы Жәнібек Құттыбек айтып берді. Қоғамдық көлік мегаполистің үш негізгі көшесінде жүреді деп жоспарланған.

Идея авторы бастапқы кезде муниципалды парктардан үш автобусты жалға алып, оларды Абай, Райымбек даңғылдары және Төле би көшесінің бойымен жүргізбек. Қоғамдық көліктің салонында қайырымдылық ретінде ақша жиналатын валидаторлар орнатылады, бірақ жиналған ақша қайырымдылық ұйымдарына жіберіледі. Тегін автобустар экологиялық таза жанармаймен жүреді.

Құттыбектің айтуынша, бұл - әлеуметтік жоба, ол қоғамның экономикалық әлжуаз топтарының, яғни зейнеткерлердің, жұмыссыздардың және студенттердің шығынын азайтуға бағытталған. Жобаны жеке инвесторлар мен меценаттар қаржыландырады. Идея авторы мұның екі жаққа да пайдалы екенін айтады - кәсіпкерлер өз ісін БАҚ-тарда жариялау арқылы рейтингін көтереді. Алматыдағы тегін автобустар жаңашыл сәнмен безендіріледі, ол жарнама алаңына айналады. Мұнымен қатар, шығынның бір бөлігі автобустарда түрлі шаралар мен көрмелердің есебінен жабылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети