Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталды

Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі терроризммен күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың жетекшісінің шешімі бойынша алып тасталды. Құқықбұзушылық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі Штаб өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы Алматы қаласы аумағында шекті ("қызыл") террористік қауіптілік деңгейінің енгізілгендігі жөнінде хабардар етеді. Белгісіз біреулердің Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚК Департаменті ғимараттарына шабуыл жасауы негіз болды. Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы  Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады", - делінген хабарламада.  

"Ұстау кезінде күдікті қарсылық көрсетті, осыған байланысты зиянсыздандырылды. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда", - деп хабарлады Штаб өкілдері.

Қазіргі уақытта қалада жағдайдың тұрақты екендігі және қатердің жоқ екендігі айтылады. Жағдай толықтай бақылауға алынған. "Жедел әрі арнайы шаралардың барысында бүгін таңғы уақытта күдікті жеке такси қызметкеріне шабуыл жасағаны анықталды, салдарынан бір әйел қаза тапты, ол - такси жолаушысы", - деп хабарлады Штабтағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети