Алматыда тоңазытқыштан табылған екі баланың өлімі: Ата-анасына қатысты сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тоңазытқыштан табылған екі баланың өлімі: Ата-анасына қатысты сот отырысы басталды © Tengrinews.kz

Алматының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында тоңазытқыштан табылған екі баланың өліміне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында тоңазытқыштан табылған екі баланың өліміне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдында екі баланы өлтірді деген күдіктілер - Өзбекстанның 29 жастағы азаматы Эмиль Гельмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко келді. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр.

Оның айтуынша, бұл жағдай ақша жетіспеушіліген болды. Сондай-ақ, ер адамның осыған дейін сотты болмағаны және ресми түрде некеде тұрмайтыны анықталды.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1,3,7 бөлігі және 119-бап бойынша күдікке ілініп отыр.

Қайтыс болған балалардың анасы Алла Волченкоға да осы айыптар тағылды. Ол Алматы қаласының тумасы, некеде тұрмайды, осыған дейін сотты болмаған.

Бұл істпен судья Ерлан Болатов айналысып жатыр. Бірақ сот тыңдалымы кезінде Алла Волченко БАҚ өкілдерінің сот процесіне қатыспауын сұрады.

Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі - 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталды. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр.

Кейінірек Алматы полициясы да тоңазытқыштан табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети