Алматыда трамвайды қалдыру керек еді - Тоқаев

Алматыда трамвайды қалдыру керек еді - Тоқаев © Роза Есенқұлова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік сапары барысында жиналыс кезінде "трамвайлардың жұмысын тоқтатудың даулы мәселе болғанын" атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік сапары барысында жиналыс кезінде "трамвайлардың жұмысын тоқтатудың даулы мәселе болғанын" атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Трамвайларды тоқтату, меніңше, даулы шешім болды. Рельстерді жөндеуден өткізіп, трамвай парктерін жаңартып, трамвайларды қалдыру керек еді. Көліктің бұл түрі Еуропаның көптеген қаласында кеңінен қолданылып жүр. Бұл шешімді қаланың арнайы мамандарымен және қоғам өкілдерімен ақылдасу керек екенін айқын көрсетті", - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, қала бойынша трамвай жүйесі 1937 жылы жұмыс істей бастаған. 1990 жылдардың ортасында көліктің бұл түрі қысқарып, қала бойынша тек екі трамвай маршруты қалған.

2015 жылы Алматыда трамвай апаты екі рет болып, сол жылы қазанда әкімдік шешімімен трамвай жұмысы тоқтаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети