Алматыда ұлттық нақышта өрнектелген қоқыс жәшіктері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ұлттық нақышта өрнектелген қоқыс жәшіктері пайда болды © Alma-city.kz

Алматыда көшелер мен саябақтарда қоқыс жәшіктерін орнату бағдарламасы басталды. Қала стилін қалыптастыру мақсатында бірнеше нұсқа жасалған. Бірінші қоқыс жәшіктері Есентай өзенінің бойында орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alma-city.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көшелер мен саябақтарда қоқыс жәшіктерін орнату бағдарламасы басталды. Қала стилін қалыптастыру мақсатында бірнеше нұсқа жасалған. Бірінші қоқыс жәшіктері Есентай өзенінің бойында орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alma-city.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл соңына дейін Алматы көшелерінде 5778 қоқыс жәшігі орнатылса, парктерде 2934 орнатылмақ. Олар магистраль жолдарда, аудан ішіндегі көшелерде, саябақтарда, вокзалдарда, аялдамаларда, білім беру мекемелерінде, медициналық мекемелерде, алаңдарда, сауда орталықтарының алдында және басқа да қоғамдық жерлерде орнатылады. Екі қоқыс жәшігінің арасы ережеге сай 50 метрден алшақ болмауы тиіс. Адамдар көп жүретін жерлерде бір жерде екі қоқыс жәшігі орнатылады.

Қала басшылығының өкілдерінің айтуынша, Алматыда қоқыс жәшіктері жетіспейді. "Көп жағдайда бұл ұрлық және вандализм деректеріне сай. Жыл сайын қоқыс жәшіктері 1,5 мыңға данаға азая түседі. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәліметі бойынша, 2008 жылы 16 мың,  2013 жылы 2000 қоқыс жәшігі орнатылған. Алайда 2016 жылы қалада тек 8000 қоқыс жәшігі қалған. Сонымен қатар, қала көлемінде айтарлықтай ұзарған", - делінген хабарламада. 

Осы жобаға қала билігі 300 миллион теңге жұмсамақ. Сонымен қатар орындықтарды да орнату қарастырылған. Саябақтарда қоқыс жәшігі мен орындықты орнату 19 мың теңгені құрайды.

Осы қоқыс жәшіктері төзімді металлдардан жасалған. қалыңдығы небәрі 1,5 миллиметр. Мұндай металмен жабдықталған қоқыс жәшіктер біраз жылға жарайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети