Алматыда жалған құжатпен Ауғанстан азаматтары ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жалған құжатпен Ауғанстан азаматтары ұсталды © Fdlx.com

Алматыда Ауғанстан азаматтары жалған құжатпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұсталған үш азаматтың қолында Ұлыбритания азаматының құжаттары болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Ауғанстан азаматтары жалған құжатпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұсталған үш азаматтың қолында Ұлыбритания азаматының құжаттары болған.

"Алматы әуежайындағы "Алматы" өткізу-бақылау бекетінде, "Дубай - Алматы" FZ-701 рейсінде Ұлыбританияның үш азаматы ұсталды. Азаматтардың құжаттарын тексеру барысында Ауғанстан Ислам Республикасы азаматының куәлігі мен Пәкістан Республикасы қауіпсіздік карталары табылды", - деп жазылған ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз хабарламасында.

Тексеріс кезінде азаматтардың Ауғанстан Ислам Республикасынан Ауғанстан азаматы құжатымен Дубайға ұшып барғаны анықталды.

"Дубайда белгісіз адамнан Ұлыбритания азаматының құжатын алған. Кейін оны Қазақстан шекарасын кесіп өтуге пайдаланған. Олар Қазақстан арқылы Еуропаға кетпек болған", - деп жазылған хабарламада. Баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар Дубайға жіберіледі.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети