Алматыда жалған сот жұмыс істеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жалған сот жұмыс істеген

Алматыда жалған сот жұмыс істеп келген. Қала прокуратурасы заңсыз соттың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бақылау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жалған сот жұмыс істеп келген. Қала прокуратурасы заңсыз соттың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бақылау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматыда азаматша А. "Әділет "халықаралық төрелік соты" толық серіктестігін құрып, сот төрелігін заңсыз жүзеге асырған. Ол билік өкілі статусын өз еркімен алып, Қазақстан Республикасының атынан әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша шешім шығарып отырған (фирмалық бланкісінде мемлекеттік елтаңбаны және басқа да деректемелерді қолданған). Осылайша жалған сот заңсыз сот актілерімен азаматтарды жүргізуші құқығынан айырып, соманы өндіріп алып, тергеу изоляторынан адамдарды босатуға тырысқан", - делінген хабарламада.

Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Әділет "халықаралық төрелік соты" серіктестігінің қызметін тоқтатты.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 390-бабымен ("билік өкілі атағын өз еркімен беру") сотқа дейінгі тергеу басталды.

"ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесіне бюайланысты жариялануға жатпайды", - деп атап өтті Алматы прокуратурасындағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети