Алматыда жаңа соттар ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа соттар ашылды Медеу аудандық №2 сотының төрағасы болып сайланған Дәурен Маукеев (сол жақта). ©Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Бүгін Алматы қаласында Наурызбай аудандық соты мен Медеу аудандық №2 соты ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Алматы қаласында Наурызбай аудандық соты мен Медеу аудандық №2 соты ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. 

"Салтанатты шараға Алматы қалалық сот төрағасы Ақжан Ештай қатысып, ұжымға соттардың төрағалары мен судьяларын таныстырды", - деді Ешімет. Сонымен қатар, оның айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Наурызбай аудандық сотының төрағасы болып Ұлан Есбергенов, №2 Медеу аудандық қылмыстық істер қарайтын сотының төрағасы болып Дәурен Маукеев тағайындалды.

"ҚР Президентінің жарлығымен Наурызбай аудандық сотына Нұрлан Біржанов, Берік Қалжігітов, Жұмабек Қалиев, №2 Медеу аудандық сотына Дәулет Әбдіқалыков, Анина Байдаулетова, Бауыржан Кунчаев, Фаррух Омаров, Тұрсынхан Саликов және Такен Шакиров сияқты судялар қызметке алынды", - деді Қуандық Ешімет.

Алматы қалалық сот төрағасы Ақжан Ештай сот ұжымдарын жаңа қызметке тағайындалу салтанатымен құттықтады. Сонымен қатар, Елбасы артқан зор сенімді ақтап, сот жүйесін жетілдіріп, қызметтерін жауапкершілікпен, абыроймен, әділетті атқаруға шақырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети