Алматыда жаңа жолайрықтар 2017 жылдан бастап салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа жолайрықтар 2017 жылдан бастап салынады

Алматыда жаңа жолайрықтар 2017 жылдан бастап салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа жолайрықтар 2017 жылдан бастап салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары қалалық басқармасының мәліметіне сәйкес, жол құрылыстары Рысқұлов даңғылы және Емцов көшесінде, Рысқұлов даңғылы Құлжа даңғыл жолының қиылысында жүргізілмек. Басқарманың мәліметі бойынша, қолданылмақ шаралар жолдағы кептелістерді 18 пайызға төмендетеді.

 

Сондай-ақ, Фурманов көшесі темір жолдың үстінен эстакада арқылы Жансүгіров көшесіне дейін созылатын болады. Бұл қала орталығымен солтүстікті жалғайтын қосымша көлік дәлізі қала орталығындағы кептелісті 20 пайызға қысқартуы тиіс деп болжанып отыр.

 

Қазіргі кезде қала тұрғындарына әл-Фараби даңғылын қайта құру жобасын талқылау ұсынылған, алайда шешім әлі қабылданған жоқ. Сонымен қатар, осы жылдың қыркүйек айында Рысқұлов даңғылында және Сайын көшесінің бойындағы салынып жатқан жолайрықтарды тапсыру көзделген. Бұл дегеніміз көліктердің өтімділігін 15 пайызға жоғарылатады. Солтүстік айналым және Бөкейханов көшелерінің қиылысында салынып жатқан жол айрықты осы жылдың желтоқсан айында өткізу жоспарланған. Мамандардың айтуынша солтүстік бағытта жүретін көліктердің өтімділігін 16 пайызға жоғарылайды.

Еске салайық, жақын уақытта Төле би көшесін Шығыс айналма автомобиль жолына дейін созылған. Жобаның іске асуы Райымбек және Сүйінбай даңғылдары, Фурманов және Қонаев көшелерінде болатын кептелісті 20 пайызға азайтты. 2001 жылдан бері Алматы қаласында 300 миллиард теңгеге 28 жолайрық салынған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети