Алматыда жартылай жалаңаш ер адам автобус жолаушыларының зәресін алды

Алматыда жартылай жалаңаш ер адам автобус жолаушыларының зәресін алды Видеодан алынған кадр

Алматыда жартылай жалаңаш ер адам № 92 бағыттағы автобус жолаушыларының зәресін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлер болған жайды видеоға түсірген. 

"92-ші автобуста бүгін бір есуас кондуктор болды. Мас, бірдеңе деп айғайлады. Жолаушылардың барлығы таңғалды", - дейді куәгерлердің бірі. 

Жарнама
Жарнама

"Грин бас" автопаркінің өкілдері ер адамның компания қызметкері еместігін мәлімдеді. 

"Ол адам кондуктор емес. Саяхат маңында автобусқа отырып, жолаушылардан ақша сұрайды. Біз анықтадық, бізге мүлде қатысы жоқ", - дейді "Грин бас" ЖШС-ның Алматыдағы филиалының директоры Бауыржан Құлышев.

Автопарк өкілдері жолаушыларға полицияға хабарласуға кеңес берді. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама