Алматыда жарысқан автобустар туралы видео жарияланды

видеодан үзінді

Алматы т?р?ындары автобустарды? жарысып ж?ргеніне та?ы да ку? болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. №63 ба?ытында ж?ретін автобустарды? жарысын о?и?аны? ку?гері видео?а т?сіріп ал?ан. 

Алматы тұрғындары автобустардың жарысып жүргеніне тағы да куә болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. №63 бағытында жүретін автобустардың жарысын оқиғаның куәгері видеоға түсіріп алған. 

Куәгердің айтуынша, оқиға 7 ақпанда шамамен сағат 09.00-де болған. Автобустар Фурманов көшесінің оңтүстікке қарай бет алған. Соған қарағанда, бір бағытта жүретін автобустар уақыт интервалын сақтамай, Гоголь көшесіне жақындағанда бірін-бірі қыса бастаған. Куәгердің айтуынша, екі автобустың салоны жолаушыларға толы болған. 

"Қала орталығында сұмдық болды. Бұл таңғы уақытта болды, тура қауырт кезде автобустардың іші толы болған сәт. Онда балалар мен қарт кісілердің болғаны анық. Бұл жүргізушілердің не ойлағаны бар осы, ережені қатаң бұзып, жолаушылардың өмірін қауіп қатерге тігеді! Полицейлер осы жағдайға байланысты жүргізуші мен автопарк басшылығына шара қолданады деген сенімдемін. Барлығын анықтап, шара қолдансын, себебі олар адам өміріне қауіп төндіреді", - деп жазды видеоның авторы. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2016 жылы 10 қарашада Алматыда жарысқан № 106 бағыттағы екі автобус жол ережесін өрескел бұзды. Оқиға, куәгердің айтуынша, 10 қарашада сағат шамамен 12.30-да Абай даңғылында болған. Автобустар батыс бағытта Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне қарай жүріп бара жатқан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама