10 қараша 2016 21:49

Алматыда жарысқан екі автобус жол ережесін өрескел бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда жарысқан № 106 бағыттағы екі автобус жол ережесін өрескел бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.


Алматыда жарысқан № 106 бағыттағы екі автобус жол ережесін өрескел бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.

Оқиға, куәгердің айтуынша, 10 қарашада сағат шамамен 12.30-да Абай даңғылында болған. Автобустар батыс бағытта Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне қарай жүріп бара жатқан. 

Куәгер бір автобустың арнайы жолақпен жүргенін атап өтті. "Екеуі Сайын көшесінен бастап жарыса бастап, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса да, өтіп кетті. Видеода бір жаяу жүргіншінің автобустардан бұрын жолдан өтіп үлгергені көрінген. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ", - деді куәгер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети