Алматыда жазушы Дидахмет Әшімхан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жазушы Дидахмет Әшімхан қайтыс болды Дидахмет Әшімхан. ©Alashainasy.kz

Алматыда жазушы Дидахмет Әшімхан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның туыстарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жазушы Дидахмет Әшімхан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның туыстарына сілтеме жасап.

Жазушы Дидахмет Әшiмханмен қоштасу қаралы жиыны ертең, 24 мамырда сағат 9.30-да Алматы қаласында, Жазушылар Одағында өтедi. Марқұм дүйсенбi күнi, 25 мамырда туған жерi Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағайда жерленедi.

Дидахмет Әшімхан Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында 1950 жылы 10 маусымда дүниеге келген. Ол 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы "Коммунизм туы", "Лениншіл жас" газеттерінде тілші болып бастаған, кейін "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан"), "Қазақ әдебиеті" газеттерінде бөлім меңгерушісі, "Заман - Қазақстан" газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1994 жылы халықаралық "Түркістан" газетінде бас редактордың орынбасары болады. 1986 жылы Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі болады. 

Жеке шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. Сондай-ақ Анатолий Курчаткин, Туфан Минулмен, Ахметжан Аширов, Хабибулла Абдуллин және тағы басқа шетел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети