Алматыда жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды: Түркияда бұл үшін қалай жазалайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды: Түркияда бұл үшін қалай жазалайды? © AFP 2018 / Adem Altan

Анталия адвокаттар алқасының адвокаты Мехтебер Сыла Акалын Түркияда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған адамға қандай жаза қолданылатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анталия адвокаттар алқасының адвокаты Мехтебер Сыла Акалын Түркияда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған адамға қандай жаза қолданылатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрік адвокатының айтуынша, Түркияда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне жасалған шабуыл Түркия Қылмыстық кодексінің 87-бабы 1-тармағы "с" тармақшасы ("Қасақана орташа деңгейдегі дене жарақатын салу") бойынша тіркеледі.

Бұл бап бойынша тағайындалатын жаза - сегіз айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Адвокаттың айтуынша, бұрын сотталған немесе сотталмағанына байланысты сот түрмеге қамау жазасын айыппұлға ауыстыра алады.

Мехтебер Сыла Акалынның айтуына қарағанда, Түркияда барлық көліктің жүргізушісі жедел жәрдемге жол беруге міндетті.

Сонымен қатар, түрік қоғамында жасы үлкен адамға ондай шабуыл жасауға үзілді-кесілді тыйым салынған.

"Үлкен адамға ғана емес, кез келген адамға олай істеуге болмайды", - деді Мехтебер Сыла Акалын.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасалды, кейін оның Түркия азаматы екені анықталды. 

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер айтылады!

Кейін Түркия азаматының кешірім сұрағаны түсірілген видео жарияланды. Алайда жүргізуші оны кешірген жоқ.

Қазір Түркия азаматы сотты күтіп отыр. Ер адам кепілдікпен босатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети