Алматыда жылу беру маусымы 8 сәуірде аяқталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жылу беру маусымы 8 сәуірде аяқталады Алматыда жылу беру маусымы 8 сәуірде аяқталады. ©РИА Новости

Алматыда жылу беру маусымы 8 сәуірде аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ғанибек Оразбаев мәлім етті.

"Қазір күндіз шамамен 20 градус жылы, бұл көрсеткіш сосын сәл төмендейді, одан кейін қайтадан температура жоғарылайды. 1-2 сәуірде тәулік бойы орташа ауа температурасы 8 градустан төмен болады деп болжануды, оның үстіне түнде температура 1-6, 3-8 градусқа дейін барады. Егер жылу беру маусымын қазір тоқтататын болсақ, онда балабақшаларда суық болады. Бейресми ақпарат бойынша, 8 сәуірден бастап ауа температурасы қалыпты болады, шамамен 18-20 градус",- деді Оразбаев.

Еске сала кетейік, жылу беру маусымы Алматыда 15 қазанда басталған болатын. Ал Астанада жылу жоспарланған мерзімнен ерте - 27 қыркүйекте берілген болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.48  course up  592.04  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети