Алматыдағы №58 балабақшасындағы ТЖ-да жаңа мәліметтер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы №58 балабақшасындағы ТЖ-да жаңа мәліметтер пайда болды Айыпталушы Татьяна Семченко. © Роза Есенқұлова

Алматыдағы №58 балабақшасындағы ТЖ-да жаңа мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әуезов аудандық сотының залынан. Айта кетейік, 4 тамызда судья Бақытжан Исенов зардап шеккен балалардың арызын оқыды, онда ата-аналар 46 жастағы Татьяна Семченкоға ешқандай да шағымының жоқ екенін айтты. Еске сала кетейік, жол талғамайтын көліктің тізгінінде 46 жастағы әйел болған еді, ол балабақшаның қақпасына барып соғылды. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді.

Алайда бүгін, 10 тамызда сотқа зардап шеккен балалардың бірінің әкесі келіп, оған ешкімнің хабар бермегенін және сот отырысының өтетіні туралы естімегенін айтты. Мұнымен бірге, Алмас Мұхамеджанов процессуалдық келісімге қол қоймағанын, оның үстіне Татьяна Семченконы жазалауды талап ететінін мәлімдеді. "Менің қызым Салтанат Сұлтанғали ауыр жарақат алғандардың бірі болды, біз бір апта бойы ауруханада жаттық, оның бассүйек миы шайқалған, бүйрегі зақымданған, көптеген жері көгерді, денесінде тыртықтар бар", - дейді Мұхамеджанов. - Енді қызым екі жыл бойы невропотологқа баруы керек. Шамалай есептегенде 1,5 миллион теңге қажет. Мен оның түрмеге отыруын талап етпеймін. (...) Меніңше, оған жазаны өмірдің өзі берді. Оның үстіне өзі науқас. Шығынды өтегенін қалаймын". Сонымен қатар, ол басқа ата-аналармен байланыста емес екенін және сотталушы Семченкоға олардың шағымы бар-жоғын айта алмайтынын хабарлады.

Алмас Мұхаметжанов. © Tengrinews.kz

Ал бүгін мемлекеттік айыптаушы Семченкомен процессуалдық келісімнің жасалғанын және оның сол құжатта жазылған пункттермен келісетінін хабарлады. Судья Исенов бұл процессуалдық келісімді зерттеп, тексеріп, сосын ғана шешім шығаратынын айтты. Осы іске байланысты келесі сот отырысы бейсенбі күні, 13 тамызда өтеді.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот оны екі айға қамау тұралы санкция шығарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети