Алматыдағы ескі трамвай депосының территориясында саябақ ашылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ескі трамвай депосының территориясында саябақ ашылуы мүмкін Алматыдағы трамвай депосы. © Yvision.kz

Алматыдағы ескі трамвай депосының территориясында саябақ ашылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бас маманы Әсем Жылқыбаева айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ескі трамвай депосының территориясында саябақ ашылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бас маманы Әсем Жылқыбаева айтты.

Айта кетейік, Алматы қаласында осы көлік түрінің қатысуымен болған бірнеше апаттан кейін трамвай жүйесі тоқтап қалған болатын. Трамвай депосы Байтұрсынов пен Гоголь көшелерінің маңында орналасқан. "Ескі депоның жер телімі 2 гектарды құрайды. Біз осы жерде жаңа деполарды құру мүмкіндігін қарастырдық, өкінішке қарай, территория шағын. Территорияны саябаққа айналдыру туралы нұсқамыз бар", - деді ол. 

Ал трамвайдың орнына 2020 жылы жеңіл рельс көлік жүйесін ашу жоспарланған екен. 32 трамвайы болатын жаңа депо Алатау ауданындағы индустриалдық аймақтың маңында орналасады. Бұл туралы IDOM консалтинг компаниясының өкілі Марсин Варда хабарлады. Оның мәліметінше, осы мақсатта 18 гектар жер берілген. Депо Момышұлы көшесінің солтүстік жағында, Боралдай зираты мен Автомобиль иелеріне арналған Арнайы ХҚКО маңында орналасады. "Бұл аудан үшін өте маңызды көлік құралы болады", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети