Алматыдағы ірі жол апатынан кейін автопарк лицензиядан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ірі жол апатынан кейін автопарк лицензиядан айырылуы мүмкін ©Данияр Бозов

Алматыда "Қазақфильм" шағын ауданындағы ірі жол апатынан кейін автопарк лицензиядан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Қазақфильм" шағын ауданындағы ірі жол апатынан кейін автопарк лицензиядан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін өткен аппарат жиыны кезінде профильді құрылым басшыларына "Қазақфильм" шағын ауданында 18 қаңтарда №31 автобустың қатысуымен болған ірі жол-көлік оқиғасының жай-жапсарын анықтауды тапсырды. Құзырлы органдар қала басшысына апаттың №2 автопаркке тиесілі көліктің техникалық ақауының салдарынан болғанын баяндады. Егер бұл болжам расталса қала басшысы автопарктен аталған бағытты тартып алып, қатаң жаза қолдануға, тіпті лицензиясынан айыруға тапсырма берді. Мұнымен қатар, әкім қалалық Денсаулық сақтау басқармасына апаттан жапа шеккен азаматтардың денсаулығын қатаң бақылауға алуды бұйырды. 

Еске сала кетейік, жолаушылары бар №31 автобус "Қазақфильм" шағына уданында Есеналиев көшесінің бойымен төменге қарай түсіп келе жатып, он шақты жеңіл көлікті қақты. Бұдан кейін ол бұрылыста бетон араластыратын машинамен соғысқан. Бірақ, басқа мәліметтерге қарағанда, автобус қоқыс таситын көлікпен соқтығысқан. Сонымен қатар, автобус 44 жастағы ер адамды басып кетті. Зардап шеккен азамат жедел жәрдемнің көмегінен бас тартты. Жалпы жол апатынан 9 адам жапа шекті. Алматы автопаркі болған оқиға жайлы әзірше пікір білдірмеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети