Алматыдағы көпірдің қирауы: 10 адам ауруханаға жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы көпірдің қирауы: 10 адам ауруханаға жатқызылды ©Дмитрий Хегай

Алматыдағы Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағы салынып жатқан көпірдің қирауынан ауруханаға 20 адам жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №7 қалалық аурухананың бас дәрігері Болатбек Баймахановқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағы салынып жатқан көпірдің қирауынан ауруханаға 20 адам жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №7 қалалық аурухананың бас дәрігері Болатбек Баймахановқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің 10-ын қарағаннан кейін олар ауруханаға жатқызылды, қалған оны үйлеріне жіберілді. Ауруханада жатқандардың жағдайы орташа деп бағаланды. Шұғыл ота жасауға және жан сақтау бөліміне ауыстыруға себеп жоқ. "Ми зақымы, тері жарақатына диагностика жасалды. Біреуінде омыртқасы сынған, оны травматология бөліміне ауыстырдық. Қалған тоғызы нейрохирургтердің бақылауында", - деді Баймаханов. Болжам бойынша, зардап шеккендер таяу күндері ауруханадан шығады. 

Осыған дейін Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағы салынып жатқан көпірдің қирауынан 19 адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Олардың үшеуі ауыр жағдайда жатыр. ТЖД қызметкерлері астында жұмысшылар жатқан қирандыларды ашып жатыр. Бастапқыда қирандының астында екі адамның бары хабарланған еді. Кейін ТЖ департаментінің басшысының орынбасары 52 жұмысшының біреуінің ғана тағдыры белгісіз екенін хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети