Алматыдағы коттедждер радикалдарды тарту үшін жатақхана ретінде қолданылған - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы коттедждер радикалдарды тарту үшін жатақхана ретінде қолданылған - депутат © fly.cam.kz

Алматыдағы коттедждер радикалдарды тарту үшін жатақхана ретінде қолданылған. Мұндай мәліметтерді діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаны талқылау барысында Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы коттедждер радикалдарды тарту үшін жатақхана ретінде қолданылған. Мұндай мәліметтерді діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаны талқылау барысында Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат экстремизм мен терроризмге қарсы заңнамаға түзетулер енгізу жайлы айтылғанда палата мүшелерінің құқық қорғау органдарымен және арнайы органдармен біріге отырып, пәтерді жалға берушілер мен жалға алушыларға қатысты мәселені реттеу керектігі туралы шешім қабылдағандарын айтып өтті.

"Бүгінде пәтерді жалға беру мен оны жалға алу мәселесі бақылануы керек. Ақтөбедегі қылмыстық, террористік топтардың барлығы қылмыс жасаған соң, жалдамалы пәтерлерде жасырынған", - деді депутат Жанат Жарасов 5 маусымда болған терактіні мысал ете отырып.

"Арнайы қызметтегілердің мәліметінше, Алматыдағы бірнеше коттедж ең арзан бағаға берілетін жатақханалар ретінде қолданылған. Қысқа уақыт аралығында жатақханаларға келген жастар радикалдардың ықпалына түскен", - деді депутат.

Сонымен қатар, депутат шетелдерде елдің ішінде азаматтарды тіркеу мәселесінің реттелгенін айтып өтті.

"Германияда елге келген азамат екі апта ішінде тіркелуі тиіс. Осы заң жалға берілетін пәтерлерге де қатысты. Заңды бұзған жағдайда, азаматтарға үлкен көлемдегі айыппұл салынады: 1000 еуродан 50 мың еуроға дейін. Мысалы, АҚШ-та азаматтар электрондық есеп жүйесі арқылы есепке алынады. Бұл есепті бірнеше қызмет өкілдері жүргізеді.  (...) Егер де азамат өзінің мекен-жайын өзгертетін болса, ол 10 күн ішінде ол жайлы хабарлауы қажет, әйтпесе, оған айыппұл салынады. Осыған ұқсас шаралар Жапонияда да қолданылады", - деді Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети