Алматыдағы "Сайран" мен "Саяхат" автовокзалдарының болашағы не болмақ?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Сайран" мен "Саяхат" автовокзалдарының болашағы не болмақ? "Сайран" автовокзалы. © sairan.kz

Алматыда қоғамдық кеңестің екінші отырысында қалалық "Сайран" мен "Саяхат" автовокзалдарының мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоғамдық кеңестің екінші отырысында қалалық "Сайран" мен "Саяхат" автовокзалдарының мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесуге нысандар орналасқан аудандардың әкімдік өкілдері келді.

"Сайран" бойынша проблемалар бар. Былтыр 40-қа жуық сауда орнының жұмысы тоқталды. Сондай-ақ, нысандардың архитектуралық қалпын жетілдіру бойынша келіссөздер жүргізілді. Олар бұл мәселеге түсіністікпен қарады: ғимаратты басқа біреуге беру немесе оны толықтай модернизациялау туралы шешім қабылданады. Осы мәселе бір апта ішінде шешіледі, қарастырылып жатыр", - деді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин.

Ал "Сайран" автовокзалы директорының орынбасары Ерлан Әбілдаев нысанның тасымалдаушы ретінде жұмыс істей беретінін айтты.

"Меншік иесі автовокзалдың жұмыс істейтінін айтты, көлік тасымалы жүргізіледі. Біз жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, оған жыл сайын 25-30 миллион теңге бөлінеді. Автовокзал ғимаратының 70 пайызы шыныдан салынған. Сондықтан шыныларды ауыстырамыз", - деді Ерлан Әбілдаев.

"Саяхат" автовокзалы жайлы айта келе, Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы Вячеслав Вавилин қазіргі уақытта автовокзал аумағында сауда орындарын жою шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ, "Саяхат Инвест" ЖШС директоры Тимур Имашев "Саяхаттағы" базардың сүрілетінін айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети