Алматыдағы жол апатынан үш адам зардап шеккен

Алматыдағы жол апатынан үш адам зардап шеккен © "Территория проишествий"

Алматыда үш автокөлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория проишествий" бағдарламасы. 


Алматыда үш автокөлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория проишествий" бағдарламасы. 

Жол апаты "Алматы Аренаға" қарама қарсы, Момышұлы көшесінің бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz автокөлігі солтүстік бағытта келе жатып, белгісіз себептерге байланысты қарсы жолға түсіп, Volkswagen көлігімен соқтығысқан. Mercedes-Benz көлігінің әрекетінен артта келе жатқан Toyota көлігіне соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Volkswagen көлігінің жүргізушісі, жолаушысы және Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі зардап шеккен. Олар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жол апатының мән-жайын анықтаумен Алматы қаласының полиция өкілдері айналысып жатыр. 


© "Территория проишествий"

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети