"Алматы-1" және "Алматы-2" теміржол вокзалдары қаланың коммуналды меншігіне берілетін болады. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Алматыға жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек осылай деді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы-1" және "Алматы-2" теміржол вокзалдары қаланың коммуналды меншігіне берілетін болады. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Алматыға жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек осылай деді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол өзінің сөзінде мұндай шара қала әкімдігіне вокзалдарға реконструкция жүргізуге, тұрақты өсіп келе жатқан жолаушылар ағынын кеңінен қамтуға әрі теміржол вокзалдарын қаланың көлік құрылымының бір бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Алматы-1" теміржолын жаңартуды 2019 жылы, ал "Алматы-2" теміржолын реконструкциялауды 2020 жылы бастау жоспарланған.
Қала кеңістігін модернизациялау барысында жергілікті бюджет есебінен биылғы жылдың өзінде екі вокзал алдындағы алаңдар реконструцияланды, жасыл желек отырғызылып, тротуар плиткалары төселді. Екі вокзал алдындағы алаңдар қоғамдық көлікті ескере отырып, қайта жасақталды, қауіпсіз өтпелі жолдар абаттандырылды, жасыл желек көлемі артты және видеобақылау камералары қойылды.
Айта кетерлігі, бұрындары қаланың коммуналды меншігіне Алматының бірқатар маңызды нысандары қайтарылған болатын.
«Атакент» жанындағы алаңды қысқарту барысында асфальт төселген маңай азайды, түрлі құрылыстар сүріліп, газондар мен ағаштар отырғызылды. Жаяу жүргішілердің қаупсіздігін қамтамасыз ету үшін стихиялы тұрақтар жойылып, бұл аумаққа кіруге тиым салынды.
Жақында мемлекет меншігіне қайтарылатын жер телімінде ашық аспан астындағы сақ мәдениеті музейі ашылатын болады. Мегаполис әкімдігі мен екінші деңгейлі бір банк арасында Розыбакиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелірі бойындағы 2,7 гектар аумақты қайтару жөніндегі келісімге қол жетті.
Бұрындары "Южный" паркінің солтүстік жағындағы құрылыс салу үшін бөлінген жер телімі де қала қайтарылған еді, қазір мұнда аудан тұрғындарының ұсынысы ескеріле отырып саябақ аумағын реконструкциялау жүруде.
Табиғи ескерткіш болып табылатын "Баум бағы" қаланың коммуналды меншігіне берілген соң инвентаризация жүргізілді және жеке тұлғалар мен автосалондар иелері басып алған 2,5 гектар жер телімі қайтарылды. Абаттандыру мақсатында бірінші кезекте навигациялық тақтайшалар ілініп, полиция пункттері жұмыс істей бастады. Паркте флора аумағын кеңейту қолға алынды.
Өз кезегінде Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында еліміздегі алғашқы туристік хаб пайда болды. Қазіргі кезде мұнда «Visit Almaty» ақпараттық орталығы ашылған. Ғимарат маңы жиі емес туристік бағыттарды ұйымдастырудың бірыңғай орнына айналған.