Алматы әкімі Абай даңғылы бойындағы автобус жолағын ұзартуды тапсырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Абай даңғылы бойындағы автобус жолағын ұзартуды тапсырды Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда автобус жолағы Абай даңғылының соңына дейін ұзартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус жолағы Абай даңғылының соңына дейін ұзартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімімен кездесуде Әуезов ауданының тұрғыны Абай даңғылының Әшімов көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қоғамдық көліктерге басымдық беруді сұрады.

Досаев бөлім басшысынан қазіргі жағдайды сұрады.

"Абай даңғылы бойында арнайы жолақ тек Момышұлы көшесіне дейін. Сосын жаңа учаске, қоғамдық көліктер үшін жолақ жоқ", - деді көлік басқармасының басшысы.

Әкім басқарма жоспарын сұрады. Басқарма басшысы алдағы уақытта қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту мақсатында арнайы жолақ бөлуге болатынын айтты.

"Осыны қарастырып, ұсынысқа енгізіңіз. Жолақты көшенің оң жағына да, сол жағына да, батыс-шығыс бағытта Абай даңғылы бойымен соңына дейін жеткізейік", - деп тапсырды әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети