26 қазан 2018 | 13:35

Алматы әкімі АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Бауыржан Байбек АҚШ-тың Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең спектрлі мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек АҚШ-тың Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең спектрлі мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында АҚШ-тың Бас консулы Қазақстанның іскерлі, мәдени, білім және ғылым орталығы - Алматының екі жақты байланыс үшін маңызды екенін атап өтті.

Алматы - Америка консулдығы және Қазақстанда бизнес ашуға ынталы АҚШ компаниялары жүгінетін Америка сауда палатасы орналасқан Орта Азиядағы жалғыз қала. Мен мұнда 2004 және 2008 жылдары болған едім. Қала сондай тартымды, қайта айналып келе бергің келеді, осы жерде жұмыс істеуге мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Мен Алматыда үлкен оң өзгерістердің болғанын көрдім, жаяу жүргіншілер үшін жақсы инфрақұрылым жасалыпты, қоғамдық кеңістік барынша ашыла түскен", - деді Эрик Майер.

Айта кетейік, Алматыда қазіргі кезде телекоммуникация, қаржы, сауда және басқа салаларда американдық капиталмен 168 компания жұмыс істейді. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы өткен жылы 400 миллионнан астам долларды құрады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети