08 желтоқсан 2021 19:00

Алматы әкімі ангинадан қалай және қайда емделгенін айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Сурет Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кейінгі аптада ангинамен ауырғанын және қай ауруханада емделгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кейінгі аптада ангинамен ауырғанын және қай ауруханада емделгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ангинам ұстап қалды. Екі күн бойы дене қызуым көтерілді. Қазір дауысым сәл қалыпқа келді, ангинаның салдары әлі де бар шығар. Бастапқыда үйде кешке дейін жаттым, содан кейін кешке дене қызуым көтерілген кезде жедел жәрдем шақырып, ауруханаға бардым. Орталық клиникалық ауруханада болдым. Төрт күн сонда жаттым, олар мені емдеп шықты", - деді Сағынтаев ОКҚ брифингінде.

Сағынтаев денсаулығына байланысты 2 желтоқсанда өткен Almaty Investment Forum 2021-ге онлайн режимде қатысқан еді.

"Мен де ет пен сүйектен жаралған адаммын. Ангинам шығып, бірнеше күн бойы жағдайым осындай. Дәрілерге рақмет, олар бейсенбіде сауығып, қатыса аласың деп уәде берді. Түске дейін қатыса алмадым, бірақ түстен соң әкімдердің қатысуымен өтетін отырыста боламын. Алаңдап, хәл сұрағандарға рақмет", - деді Сағынтаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети