09 мамыр 2016 13:38

Алматы әкімі бейбітшілік пен келісімде өмір сүру мүмкіндігі үшін ардагерлерге алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын тойлау 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта өтті. Ардагерлерді құттықтау үшін Мәңгілік алауға бес мыңнан аса адам келді. Шараға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын тойлау 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта өтті. Ардагерлерді құттықтау үшін Мәңгілік алауға бес мыңнан аса адам келді. Шараға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әкім өз сөзінде жиналғандарды мерекемен құттықтап, ардагерлерге бейбітшілік пен келісімде өмір сүру мүмкіндігін сыйлағаны үшін алғыс айтты. 

"Құрметті ардагерлер, қымбатты алматылықтар! Біздің тыныштығымыз үшін, тату-тәтті өміріміз бен бейбітшілігіміз үшін өз өмірлерін қиғандарды ауа райының өзі еске қайғырып тұр. Бір миллион 200 мың қазақстандықтың майданға кетіп, жартысының үйге оралмағанын білесіздер. Бұл жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі зор. Бізге достықты, ар-намысты, қаһармандық пен қолдауды көрсетіп, қанын төккен әкелеріміз бен аталарымызды ойлап, қайғырамыз. Олар Қазақстанымыз үшін, Тәуелсіздігіміз үшін өмірін қиды", - деді қала әкімі.

Бауыржан Байбек қазақстандықтарды, әсіресе жастарды әкелеріміз бен аталарымыз көрсеткен батылдықты есте сақтауға шақырды. "Біз бейбіт өмірімізді, келісімді, тұрақтылықты бағалауымыз керек - бұл құндылық біздің балаларымызға, немерелерімізге тыныштықта өмір сүріп, ертеңгі күнге деген сенімі болуына мүмкіндік береді. 25 жылдың ішінде еліміз көптеген жетістікке жетті. Президентіміздің саясатының арқасында дұшпанымыз жоқ, барлық елмен қарым-қатынасымыз жақсы. Осыны бағалауымыз керек", - деді қала басшысы. 

Сөзінің соңында әкім ардагерлерді барлық алматылықтың атынан шын жүректен құттықтады. "Бізбен бірге өмір сүріп жатқандарыңыз, әлі де болса еңбекпен, қарым-қатынаспен бізге үлгі болып жүргендеріңіз үшін біз бақыттымыз. Сіздерге денсаулық пен бақыт тілейміз, барлық ұрпақ бейбітшілік пен келісімде болсын, елімізде бейбітшілік пен келісім болсын", - деді Байбек. 

Әкімнің сөзінен кейін Қазақстанның әнұраны шырқалды. Осыдан кейін гүл қою рәсімі өтті. Жиналғандар ардагерлерді құттықтап, "Жеңіс үшін рақмет!" деп айғайлады. "Мен үшін Жеңіс күні ең үздік әрі қымбатты мереке. Бізді ұмытпай, ерлігімізді есте сақтап қалғандарыңызға рақмет. Мен Балтық түбіндегі екінші майданда, шабуылшы инженер-сапер бригадасында соғыстым. Біз Невель қаласынан Ригаға дейін бардық", - деді соғыс ардагері Петр Луньков. 


Петр Луньков - соғыс ардагері. 

© Николай Колесников

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети