Алматы әкімі Досаев қала құрылысы кеңесінің жұмысына тоқталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Досаев қала құрылысы кеңесінің жұмысына тоқталды

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы даулы жобалар бойынша шешімді қала құрылысы кеңесі қабылдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы даулы жобалар бойынша шешімді қала құрылысы кеңесі қабылдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медеу ауданы тұрғындары Алматы әкімімен өткен кездесуде Exclusive Star тұрғын үй кешенінің тұрғындары құрылыс жұмыстары басталған кешеннің жанынан не салынатынын сұрады.

Досаев қыркүйектен бастап барлық құрылыс нысандары Алматы қаласының қала құрылысы кеңесінен өткенін, бұл жоба бойынша техникалық тапсырма алынғанын айтты.

"Қала құрылысы кеңесі бұл жобаны қарап, өз ұсыныстарын айтады. Қала құрылысы кеңесі тәуелсіз, жергілікті билікке тәуелді емес. Мен оның жетекшісі емеспін. Оның құрамына 23 сарапшы, әкімдіктің мамандары кіреді. Кеңес, дауыс беруге құқығы жоқ. Сарапшылар осы жобаларды реттеп, шешім қабылдайды. Қала біз бекіткен ережеге сәйкес дамып, қозғалуы керек", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети