Алматы әкімі "Жайсаң" тұрғын үй кешенін сүруге қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі "Жайсаң" тұрғын үй кешенін сүруге қатысты пікір білдірді

Алматы әкімі Ерболат Досаев "Жайсаң" тұрғын үй кешенін бұзуға қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев "Жайсаң" тұрғын үй кешенін бұзуға қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде заңгер мен "Жайсаң" тұрғын үй кешенін салушылар өкілі қала әкіміне сауал қойды.

"Жоба мақұлданбаған, мемлекеттік органдар ол жерде рұқсатсыз заңсыз құрылыс жүргізіліп жатыр деген сылтаумен неге жаңадан рұқсат бермейді. Неге жаңадан рұқсат беруге болмайды", - деп сұрады заңгер, "Жайсаң" тұрғын үй кешенін салушы өкілі.

Қала құрылысы және урбанистика бөлімінің басшысы Алмасхан Ахмеджанов сәулет-жоспарлау тапсырмасы бір ғимарат салуға берілгенін айтты.

"Басқа нысанның құжаттары болған жоқ. Құрылыс салушының өзі рұқсатты қайтарып алды, бірақ сол уақытта құрылысты бастап кеткен. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, алдын ала рұқсаттары, оның ішінде мемлекеттік сараптамасы жоқ нысандар рұқсат етілмеген құрылыс нысандарына жатқызылады. Сондықтан, Әкімшілік кодекс бойынша бұзу мәселесі қаралды. Сот тиісті шешім шығарды", - деп жауап берді Ахмеджанов.

Мұнан соң Алматы әкімі Ерболат Досаев мәселені құқықтық салада шешуді ұсынды.

"Сот шешіміне қарсы шыққыларыңыз келсе, апелляциялық шағым түсіріңіз. Егер апелляциядан кейін сот бізге сәулет-жоспарлау тапсырмасы бойынша келісім беруді тапсырса, оны өз тарапымыздан орындаймыз", - деп сендірді әкім.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған "Жайсаң" тұрғын үй кешені сүрілетіні хабарланған болатын. Бұл нысан Наурызбай ауданындағы "Ақжар" шағынауданында салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети