25 қараша 2015 | 11:36

Алматы әкімі қоғамдық кеңестің алдында есеп беретін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбек. © Николай Колесников Бауыржан Байбек. © Николай Колесников

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық кеңестің алдында есеп беретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаланың ішкі саясат басқармасының басшысы Саясат Нұрбек мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық кеңестің алдында есеп беретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаланың ішкі саясат басқармасының басшысы Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Қоғамдық кеңестер туралы" заң күшіне енеді, оған сәйкес кеңестің үштен екіден аса бөлігі азаматтық қоғамнан тұруы тиіс. "Мен қызығушылығы бар қалалық бірлестіктердің белсенді өкілдерін жұмыс тобының жұмысына қатысуға шақырамын. Ол келесі жылдың басында жұмыс істейтін болады. Қаңтар бойы істеп бітіріп, азаматтық кеңестің құрамын құру керек болады. Біз шын мәнінде қаланың орталық қоғамдық кеңесінің болатынын көріп отырмыз, онда Алматы әкімі есеп беретін болады. Әкім олардың алдында жыл соңында есеп береді", - деді Нұрбек.

Осыған байланысты қоғам қайраткері Ләйла Ахметова кеңес алдында әкімнің есеп беруін жиі ұйымдастыруды ұсынды. "Алматыны дамыту-2020 бағдарламасы" бар, оның жүзеге асуы жөнінде әкім мырза есеп беруі тиіс. Бұл өте жақсы бағдарлама, бірақ біз ол туралы жылына бір рет тыңдайтын болсақ, көпшілік 2020 жылға дейін бұл құжат туралы ұмытып қалуы да мүмкін. Барлығымыз дұрыс бағытта келе жатырмыз ба, соны түсіну үшін әкімге тым болмаса алты айда бір есеп беруді ұсынамын", - деді Ахметова.

Ол биліктегілердің халық алдындағы есеп беруіне оң ықпал еткен тарихи мысалды келтірді. "Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия канцлері жасалған жұмыс жөнінде әрбір үш ай сайын азаматтар алдында есеп беруге міндеттелді. Ақыры 1960 жылдарға қарай ГФР әлемдегі ең дамыған елдердің бірі болды және сол кезде ТОП-5-ке кірді", - деді қоғам қайраткері.

Қоғамдық кеңестер - сабағаттық-кеңесші, бақылаушы органдар. Олардың құрамында ең кемі 65 пайыз мемлекеттік мекемелерде жұмыс істемейтін қарапайым белсенді азаматтар болуы тиіс.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети