24 ақпан 2016 11:18

Алматы әкімі қымбат көлік мінген студенттерді сөкті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wallcars.net © wallcars.net

Бауыржан Байбек ҚБТУ ғимаратының алдына көліктерін қойып кететін студенттер жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, дат сәулетшісі Ян Гейлдің концепциясына сәйкес, оқу ғимаратының алдындағы көліктерді алып тастайды екен.

"ҚБТУ алдында мыңдаған көлік тұр. Баламен де, балаарбамен де өту мүмкін емес. Неліктен бұдан қарапайым адамдар зардап шегуі керек? Мұнда да студенттер, бұл солардың көліктері. Қымбат көліктермен жүреді. Алып тастау керек! Велосипедпен немесе жаяу жүрсін. Кейін соған ақша тауып, сатып алсын. Мұнда жаяулардың жүруіне жағдай жасау керек. Ян Гейлдің құрылымдауы бойынша. Біз осы іспен айналысамыз", - деді Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети