Алматы әкімі музей құрылысына өз ақшасын салғысы келетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі музей құрылысына өз ақшасын салғысы келетінін айтты Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда жаңа заманауи өнер мұражайын салуға өз қаражатын салғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда жаңа заманауи өнер мұражайын салуға өз қаражатын салғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде журналист Алматы әкіміне оның бизнесмен екенін айтып, айына 1 доллар жалақы алып, қаладағы түрлі жобаға миллиондаған доллар бөлген Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумбергтің үлгісімен жүру туралы ойын сұрады.

"Менің ойымша, жалақы, үлкен немесе кіші болсын, бұл менің жұмысымның бағасы. Қала үшін жеке өзімнен бір нәрсе жасау - бұл екінші мәселе және ол менің жалақыма сәйкес келмеуі мүмкін. Қаланың дамуына үлес қосу үшін жеке өзімнің жоспарларым бар. Мысалы, досым Нұрлан Смағұлов жеке қаражат есебінен заманауи өнер мұражайын салуды жоспарлап отыр. Мен оны қолдап, өз үлесімді қосқым келеді", - деді әкім.

Еске салайық, бұған дейін Досаев жалақысы 980 мың теңге екенін айтқан болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети