Алматы әкімі нөсерден кейін шенеунікті қызметінен босатып, әкімдерге сөгіс жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі нөсерден кейін шенеунікті қызметінен босатып, әкімдерге сөгіс жариялады видео кадры

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жол төсемінің шөгуі мен жиектастың негізсіз ауыстырылуына байланысты Әуезов пен Медеу аудандарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады. Сондай-ақ, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жол төсемінің шөгуі мен жиектастың негізсіз ауыстырылуына байланысты Әуезов пен Медеу аудандарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады. Сондай-ақ, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім кеңесшісі Ильзат Акчуриннің айтуынша, Алматы әкімі қаладағы жол төсемінің жуырдағы шөгуі мен жекелеген учаскелерде жиектастың негізсіз ауыстырылуы мәселесін бақылауда ұстап отыр.

Бостандық ауданы

Ерменсай шағынауданында инженерлік коммуникациялар тарту үшін қазылған траншеяларды қатты су ағыны шайып, автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірген учаскеде ("SGGroup Сапа Строй" ЖШС жұмысы), сондай-ақ әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесіндегі жерасты өткелінде гранит плиталарды негізсіз ауыстыру жұмыстарына бақылаудың болмауына байланысты Бостандық ауданы әкімінің болмауына орай оның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру саласына жетекшілік ететін орынбасары қызметінен босатылды.

Әуезов ауданы

Нөсер кезінде Аманжол көшесінде жол төсемі шөгіп (сумен жабдықтау және кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС орындаған), 13 автокөлік зақымдалды. Сондай-ақ Яссауи көшесінде асфальт опырылған (ұзындығы 2,8 шақырым болатын кәріз желісін "Спецкоммунстрой" мердігер ұйымы салған). Осыған байланысты Әуезов ауданы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды.

Медеу ауданы

Мердігер ұйымды бақылауда кемшілік жібергені үшін – Медеу ауданы әкіміне де қатаң сөгіс жарияланды. Уәлиханов бульварындағы жиектасты заңсыз шешіп алып, плиталарды облыстағы жеке үйге жеткізу оқиғасы қоғамда үлкен наразылық туғызды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети