Алматы әкімі Сағынтаев: арандатушылар мен экстремистер ұсталып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев үндеу жасады- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев үндеу жасады- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, бүгінде арандатушылар мен экстремистер ұсталып, бүлік салушылар анықталып жатыр. 

"Қаладағы ауыр жағдайға байланысты өздеріңізге үндеу жолдаймын. Қаламыздың тыныштығын бұзуға арандатушылар экстремистік әрекеттерімен сырттан да, іштен де әсер етіп жатыр.  Алматының тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтау мақсатында құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдауда. Қазір қаладағы жағдай билік бақылауына алынды.

Арандатушылар мен экстремистер ұсталып, бүлік салушылар анықталып жатыр. 
Жаңа ғана Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында Алматы қаласында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл заңдылық пен тәртіпті қалыпқа келтіру, қоғам қауіпсіздігін сақтау, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау жолындағы маңызды шешім. 

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес қалалық полиция департаментінің бастығы, генерал Қанат Таймерденов Алматы қаласының коменданты болып тағайындалды. Әкімдік қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланы қалыпта ұстау мақсатында жұмыс істеп жатыр. Біздің ортақ мақсатымыз - қаламызда тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, бейбіт халықты қауіп-қатерден аман сақтау. Сондықтан бәріңізді арандатушылық пен заңсыздық әрекеттерді қолдамауға шақырамын. Бүгінгі түнде қаламыздың тыныштығын сақтауға атсалысқан тәртіп сақшылары мен барлық жауапты қызметкерлерге түсіністік танытып, жауапкершілікпен қараған алматылықтарға рақметімді айтамын!", - деді әкім. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro