Алматы әкімдігі Әл-Фараби даңғылы бойынша қозғалыс схемасын жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі Әл-Фараби даңғылы бойынша қозғалыс схемасын жариялады Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Әл-Фараби даңғылы бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру жөнінде ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Әл-Фараби даңғылы бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру жөнінде ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Әл-Фараби даңғылының бойында Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін өткізу қабілетін арттыру үшін 12 шілдеден бастап 13 шілдеге дейін мынадай шаралар қабылданады:

  • 12.07.2023 жылы сағат 06.00-ден бастап Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін кері қозғалыс жолымен көлік құралдарын бұру ұйымдастырылады;
  • сағат 06.00 бастап сағат 15.00-ге дейін шығыс бағытта екі жолақты қозғалыс, батыс бағытта бір жолақты қозғалыс ұйымдастырылады.
  • Сағат 15-00-ден бастап сағат 21-00-ге дейін - батыс бағытта екі жолақты, шығыс бағытта бір жолақты.

Тәуліктің кешкі уақытында сағат 21-00-ден бастап жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Жароков көшесі бойынша көлікті солтүстік бағытта бұруды ұйымдастыра отырып, шығыс бағыттағы қозғалыс толығымен жабылады.

"Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік 6 экипажы қарастырылған, 40 км/сағ жылдамдықты шектеу белгілері орнатылады, жолақтар бойынша бөлу конустық шағылыстыратын чиптермен белгіленеді. Реверсив басталғанға дейін екі жағынан көлік ағындарын бөлетін металл турникетінің 25 данасы болады (100 м). Әл-Фараби даңғылындағы Ремизовкадан шығу "Есентай-Молл" Оңтүстік тұрақ аймағы арқылы ұйымдастырылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдың полиция экипажы тұрады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.01   555.71   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +28
Ақтау +18
Ақтөбе +20
Атырау +20
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +30
П
Павлодар +31
Петропавл +31
С
Семей +30
Т
Талдықорған +21
Тараз +27
Түркістан +16
О
Орал +29
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер