ПОДЕЛИТЬСЯ
12 шілде 2023 | 09:01
Алматы әкімдігі Әл-Фараби даңғылы бойынша қозғалыс схемасын жариялады
Алматы әкімдігі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Әл-Фараби даңғылы бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру жөнінде ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Әл-Фараби даңғылы бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру жөнінде ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Әл-Фараби даңғылының бойында Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін өткізу қабілетін арттыру үшін 12 шілдеден бастап 13 шілдеге дейін мынадай шаралар қабылданады:
- 12.07.2023 жылы сағат 06.00-ден бастап Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін кері қозғалыс жолымен көлік құралдарын бұру ұйымдастырылады;
- сағат 06.00 бастап сағат 15.00-ге дейін шығыс бағытта екі жолақты қозғалыс, батыс бағытта бір жолақты қозғалыс ұйымдастырылады.
- Сағат 15-00-ден бастап сағат 21-00-ге дейін - батыс бағытта екі жолақты, шығыс бағытта бір жолақты.
Тәуліктің кешкі уақытында сағат 21-00-ден бастап жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Жароков көшесі бойынша көлікті солтүстік бағытта бұруды ұйымдастыра отырып, шығыс бағыттағы қозғалыс толығымен жабылады.
"Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік 6 экипажы қарастырылған, 40 км/сағ жылдамдықты шектеу белгілері орнатылады, жолақтар бойынша бөлу конустық шағылыстыратын чиптермен белгіленеді. Реверсив басталғанға дейін екі жағынан көлік ағындарын бөлетін металл турникетінің 25 данасы болады (100 м). Әл-Фараби даңғылындағы Ремизовкадан шығу "Есентай-Молл" Оңтүстік тұрақ аймағы арқылы ұйымдастырылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдың полиция экипажы тұрады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также