Алматы әкімдігі "Алматы қала жарық" мемлекеттік кәсіпорнының жекешелендіруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі "Алматы қала жарық" мемлекеттік кәсіпорнының жекешелендіруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала билігінің мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанында Үкіметтің 2021-2025 жылдарға арналған нысандарды жекешелендіру туралы қаулысы шыққан. 2021 жылдың қазан айында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен "Алматы қала жарық" кәсіпорны осы тізімге енген. Бұл құжатқа нақты кім қол қойғанын әкімдік нақтыламады.
"Алматы қала жарық" ШЖҚ МКК-ны жекешелендіру туралы қаулыны Алматы әкімдігінің басшылығы қабылдады. Осы мәселеде Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама түсті. Алматы әкімдігі қабылдаған қаулының күші жойылуға тиіс. Сондай-ақ, Алматы мемлекеттік активтер басқармасы жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартын сот тәртібімен жарамсыз деп тану бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Сондай-ақ, әкімдіктер облыстық коммуналдық мүлікті және кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешім қабылдайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!