Алматы әкімдігі барахолка жабылады деген мәліметке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі барахолка жабылады деген мәліметке қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігінің өкілдері азық-түліктік емес тауар сататын дүкендердің, оның ішінде барахолканың жабылатыны туралы хабарламаны жоққа шығарды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінің өкілдері азық-түліктік емес тауар сататын дүкендердің, оның ішінде барахолканың жабылатыны туралы хабарламаны жоққа шығарды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты. 

Осыған дейін WhatsApp топтарда 9 маусымда барахолканың жабылатыны туралы хабарламалар тараған еді. Алайда қалалық әкімдіктің өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды. 

"Біз бұл мәліметті растамаймыз. Карантин кезінде қызмет түрлерін жандандыру немесе тоқтату туралы шешімнің барлығын бас санитар дәрігер қабылдайтыны белгілі. Бірақ 1 маусымнан бастап коронавирус инфекциясының алдын алу, оны анықтау және емдеу тәртібі өзгерді. Біз, Алматы әкімдігінің өкілдері, барахолканы жабу мәселесін талқылап немесе оған қатысты шешім шығара алмаймыз. Бірақ барлығы қызметкерлер мен келушілердің санитарлық қауіпсіздігі үшін карантин ережелерін сақтауы керек", - деді Оразалин.

Еске салайық, Алматыдағы барахолка жұмысын 1 маусымда бастаған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети