Алматы билігі дәрі-дәрмектің бағасын өсірмеу бойынша меморандум жасасты, - деп хабарлайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы билігі дәрі-дәрмектің бағасын өсірмеу бойынша меморандум жасасты, - деп хабарлайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін ҚР ДСӘД Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстанның фармацевтика қауымдастығы дәрілер және медицинада қолданылатын заттардың бағасын тежеу жөніндегі меморандумға қол қойды. 105 түрлі препараттар бойынша құжаттарға қол қойылды.
Келісім құжаттарына Алматы қаласы әкімінің орынбарасы Арман Қырықбаев, ҚР-ы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова, Қазақстанның "ФармМедИндустриясы" қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов, "Қазақстан Республикасы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілері" қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, "Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық өнім дистрибьюторлары" қауымдастығының директоры Наталья Гунько, "ИНЧАМ ФАРМА үнді фармацевтикалық өндірушілері" қауымдастығының төрағасы Сом Партхо Сартхи қол қойды.
"Меморандумға қол қоюдағы мақсат - халықтың әлеуметтік жағынан төмен топтарын қолдау. Дәрілер мен медицинада қолданатын заттардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар және бөлшек сауда өкілдері дәрілер мен медициналық заттардың айналма бағасын 2016 жылғы 1 сәуірдегі деңгей бойынша белгіледі және жиі қолданылатын 105 дәрі мен медициналық бұйымдардың бағасын ұстап тежеу жөніндегі әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алды", - делінген хабарламада.