29 маусым 2022 10:22

Алматы әкімдігі ескі жиектастар қайда жіберілетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: t-l.ru Иллюстрациялық фото: t-l.ru

Алматы әкімдігі жөнделген көшелердегі ескі жиектастар қайда жіберілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі жөнделген көшелердегі ескі жиектастар қайда жіберілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орташа жөндеу жұмыстары аясында сынған, шытынаған және эстетикалық келбетін жоғалтқан жиектестар ішінара ауыстырылады. Гранитті тастар ауыстырылмайды", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің Қалалық мобильділік басқармасы өкілдері.

Жөнделетін учаскелерде жиектастар түзеледі. Бұл олар қайта жөнделіп, жүріс бөлігінің қажетті жеріне дейін теңестіріледі деген сөз.

"Бөлшектелген тастар сол учаскеге төселеді, ал бүлінгендері ауыстырылады. Олар қайта пайдалануға жатпайды. Темірбетон бөлшектелген жиектер құрылыс үйіндісіне шығарылады", - деді ведомство өкілдері.

Жиектер тексеру мен ақаулардың анықталуына байланысты ауыстырылып отырады. 

"Негізгі талап - сатып алынған жиектастар Мемлекетаралық стандартқа сәйкес келуі керек. Жол жөндеу жұмыстары 30 қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отырғаны хабарланды", - деді олар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети