13 қаңтар 2022 | 18:12

Алматы әкімдігі ғимараты қашан қалыпқа келтіріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық шенеуніктер өрттен зардап шеккен қалалық әкімдік ғимараты қашан қалыпқа келтірілетінін айтты. Бұл туралы Жайлы қалалық орта басқармасы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық шенеуніктер өрттен зардап шеккен қалалық әкімдік ғимараты қашан қалыпқа келтірілетінін айтты. Бұл туралы Жайлы қалалық орта басқармасы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта ғимарат ішінде өрт салдарынан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған шамамен екі-үш күн кетеді. Жұмысқа 20-ға жуық жеке құрылыс компаниялары тартылған, олар тегін көмек ұсынған.

"Қалалық әкімдік ғимараты тәртіпсіздік кезінде өртеніп, қирады. Сондықтан оны толық қалпына келтіреміз. Жұмыс көлемі өте үлкен. Екі күн ішінде құрылымдарға ыстық әсер етті, өрт болды. Қазір техникалық тексеру жүргізу үшін барлық салмақ түсетін құрылымдар ашық болуы тиіс", - деді басқарма басшысы Сапар Нұрашев.

Оның айтуынша, бұдан әрі техникалық тексеру жүргізуге тағы 10 күн кетеді. Осыдан кейін мамандар ғимаратты қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейді.

"Техникалық аудит 10 күн ішінде жүргізіледі. Жалпы, ғимаратта 19 мың шаршы метрге жуық орын пайдаланады. Бірақ қосалқы бөлмелерді санағанда ғимараттың жалпы ауданы 33 мың шаршы метрден асады", - деді ол.

Нұрашев ғимарат бұзылмауы мүмкін екенін айтты. Ол қалпына келтіріледі. Бұл алдын ала есептеулер бойынша шамамен алты айға созылады.

"Мүмкін, бұзылмайды. Қалпына келтіру жұмыстары шамамен 5-6 айға созылады. Бюджет әлі анықталған жоқ. Тіпті оны бағалау өте қиын", - деді ведомство басшысы.

Шенеунік ғимарат 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында салынғанын еске салды. 2012 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

"Ғимарат темірбетон қаңқа мен бетон панельдерден тұрады. Мәрмәр мен ұлутаспен қапталған", - деп қорытындылады Сапар Нұрашев.

Сурет: Тengrinews.kz/Әлихан Сариев және Айнаш Өндіріс

Бұдан бұрын Алматыда қалалық әкімдік ғимаратын өрттен кейін тазарту жұмыстары басталғаны хабарланған болатын. Жұмысқа шамамен 660 адам тартылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети