Алматы қаласында 2018 жылғы 21 ақпан күні түстен кейін жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты. Жауын-шашынның артынан көк тайғақ болады деп болжанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолдың көлік жүретін бөлігінде мұз қатып, тайғанақ болуы мүмкін, сондықтан жол апаты жағдайлары болу қаупі жоғарылауына байланысты автокөлік жүргізушілеріне жеке көліктерін пайдаланудан бас тартып, қоғамдық көлікпен жүруді ұсынамыз. Жеке көлікпен жүруге қажеттілік артқан жағдайда, көлік жүргізушілерін жылдамдықты азайтып, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтауға және асықпай жүруге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, әкімдік өкілдері адамдар жаяу жүргіншілер жолымен жүруі кезінде сақ болуды, көп қабатты үйлердің шатырынан қар, мұз құлауы мүмкін болғандықтан, жаяу жүргіншілерді биік үйлерге жақын жүрмеулерін сұрайды.
Қала көшелерінде мұз қатудың алдын алу мақсатында коммуналдық қызметтердің тәуіліктік дайындығы ұйымдастырылды.