ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2020 | 11:27
Алматы әкімдігі қалада басталған митингіні заңсыз деп атады
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы қала әкімдігіне бейбіт митингілер мен жиын өткізу туралы хабарлама түспегенін ескертті. Сондықтан әлеуметтік желілердегі шақырулар заңсыз болып саналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімдігі митинг өткізу тәртібінің бұзылғанын хабарлады.
"Айта кету керек, бүгін күшіне енген "Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заң бойынша, митинг өткізу үшін қала әкімдігіне 5 күн бұрын хабарлама жіберу керек", - делінген хабарламада.
Заңнамаға сәйкес Алматы қаласының әкімдігіне хабарлама түскен жоқ. Бейбіт жиын өткізуге арнайы орындарда ғана рұқсат беріледі.
Осыған байланысты әкімдік митингті ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Айта кетейік, қазір қалада бірнеше көше жабылды.
Еске салайық, кеше, 5 маусымда Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин митингілер ауру жұқтыруға себепші болса, ұйымдастырушылар жазаланатынын ескерткен болатын.
Бекшиннің айутынша, хаттамаға сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер карантин режимінде жаппай жиындарға қатысқан азаматтарды тіркеп, видеотүсірілім жүргізеді.
Сонымен қатар, заңсыз митингілерге байланысты Бас прокуратура да үндеу жасады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также