05 маусым 2020 13:35

Митингілер ауру жұқтыруға себепші болса, ұйымдастырушылар жазаланады - Бекшин

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирус жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирус жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшиннің айтуынша, қалада коронавирус індеті бойынша тіркелген оқиғалар әлі жалғасып жатыр. Тек өткен тәулік ішінде ғана белгісі байқалған 49 оқиға анықталды, ал бір апта ішінде – 334 оқиға. Осылайша, бізде барлығы 2790 оқиға тіркелді, 10 адам қайтыс болды.

"Қалада эпидемия әлі де жалғасып жатқан кезде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру барып тұрған жауапсыздық. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көп жиналу, жақын араласу азаматтардың ауруды жаппай жұқтыруына әкеліп соғады. Әлемнің көптеген елдерінде осылай болды.

Өйткені митингілер жұқтыру ошағы болып табылады. Егер, мұндай бұқаралық шаралар ауру жұқтыруға себепші болса, онда митингілерді ұйымдастырушылар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, тіпті қылмыстық іс қозғалады. Осындай бұқаралық шараларға қатысушылар ауру жұқтыратын болса, онда эпидемиологиялық тексеру аясында шеттетіледі", - дейді бас санитар дәрігер.

Бекшиннің айутынша, хаттамаға сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер карантин режимінде жаппай жиындарға қатысқан азаматтарды тіркеп, видеотүсірілім жүргізеді.

"Жаппай жұқтыру қаупінің болуы мүмкін екендігін ескере отырып, тиісті қызметтерден адамдар көп жиналатын орындарға дезинфекция жүргізуді күшейтуді талап етемін. Менің талаптарым мен өтініштерім қаланың әр тұрғынының денсаулығын қорғау мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды жақсартуға негізделген. Сондықтан барлық алматылықтардан саналылық пен жауапкершілік танытуды өтінемін. Өйткені, қоғамның денсаулығы әрқайсымыздың жеке қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауымыздан құралады", - деді Бекшин.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 312-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети